Елімізде жүргізушілерге тағы бір жаңа айыппұл салу қарастырылып жатыр

0
762

Жаңа норма әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілуі ықтимал, төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы мәселе талқыланып жатқанын айтты.


Елімізде жүргізушілерге тағы бір жаңа айыппұл салу қарастырылып жатыр

ERNUR.KZ. Қазақстанда тас жолдардың жабылғанына қарамастан жолға шығатын жүргізушілерге айыппұл салынуы мүмкін. Ішкі істер министрлігі жаңа норма енгізу мәселесін талқылап жатыр, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Мұндай мәселе талқыланып жатыр. Естеріңізде болса, Владимир Божко (мәжіліс вице-спикері - Sputnik) төтенше жағдай министрі болған кезде, ауа райының қолайсыздығына байланысты трасса жабылғанына қарамастан жолға шыққан жүргізушілерді жауапқа тартуды ұсынған болатын. Қазір бұл мәселе де талқыланып жатыр", - деді ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккер үкіметте БАҚ өкілдеріне.
Беккердің сөзінше, жаңа норманы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізу ұсынылып отыр.
Қазақстан автожолдарында ауа райының нашарлауына байланысты қозғалыс тоқтатылады. Жолда қалған жүргізушілер 1403 нөміріне хабарласып, көмек сұрай алады.