Қазақстанда мамырдың алғашқы күні жылдағы дәстүр бойынша бірлік күні аталып өтеді.
ERNUR.KZ. Елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтады, деп жазады ҚазАқпарат.
Видео құттықтау «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен Қазақстан Ассамблеясының жобасы.
Еске сала кетсек, Қазақстанда мамырдың алғашқы күні жылдағы дәстүр бойынша бірлік күні аталып өтеді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығына сәйкес бірлік күні елімізде 1996 жылдан бастап атап өтіледі. Қазақстан халқының бірлігі мерекесін жаңа тұрпатта тойлау қажеттігін, оны еліміздің басты мерекесіне айналдыру идеясын да Елбасы көтерген болатын.