Еліміздің басым бөлігінде дабылды ескерту жарияланды

0
348


Еліміздің басым бөлігінде дабылды ескерту жарияланды

© Sputnik / Абзал Калиев

ERNUR.KZ. "Қазгидромет" ауа райының нашарлауына байланысты 2 наурызда еліміздің басым бөлігінде дабылды ескерту жариялады, деп жазады sputnik.kz.
2 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде түнде қатты қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман, шығысында, орталығында көктайғақ болады.
2 наурызда Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын, түнде облыстың шығысында қатты қар жауады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
2 наурызда Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 жел соғады, екпіні 23 м/с.
2 наурызда Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ болады. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с.
2 наурызда Алматы қаласында түнде және таңертең тұман түседі, жолдарда көктайғақ болады.
2 наурызда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман түседі.
2 наурызда күннің екінші жартысында Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
2 наурызда күннің соңында Шымкент қаласында жаңбыр жауады. Түнде тұман.
2 наурызда Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында қар, жаяу бұрқасын болады. Облыстың батысында, шығысында, солтүстігінде тұман түседі.
2 наурызда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түседі.
2 наурызда Астана қаласында кей уақыттарда тұман түседі.
2 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
2 наурызда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.
2 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі.
2 наурызда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман түседі.
2 наурызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі.
2 наурызда таңертең және күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде тұман. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында екпіні 15-18 м/с.
2 наурызда Маңғыстау облысында қар, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде тұман. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында бұрқасындатады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 20-22 градус қатты аяз болады.
2 наурызда Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында қар, жаяу бұрқасын болады. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман.
2 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.