Еліміздің бірнеше өңірі бойынша дауылды ескерту жарияланды

0
791

Дауылдың болу ықтималдылығы 85-100% құрайды.


Еліміздің бірнеше өңірі бойынша дауылды ескерту жарияланды

ERNUR.KZ. Синоптиктер 12 маусымда Қазақстанның бірнеше аймағында дауылды ескерту болатынын ескертті, деп жазады zakon.kz.

Таңертең және күндіз Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн бұзылады. Күндіз өңірдің кейбір жерлерінде сынап бағаны 35 градусқа дейін көтеріледі, солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ойсады. Кей жерлерде қатты өрт болу қаупі бар.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде 40 градусқа дейін күн қатты ысиды.

Батыс Қазақстан облысында түнде кей жерлерде найзағай ойнап, күн бұзылады. Күндіз оңтүстікте сынап бағаны 35-38 градусқа дейін көтеріледі.

Қызылорда облысында 40 градус ыстық болады деп күтілуде. Таңертең солтүстік-шығыстан соққан жел күшейіп, арты шаңды дауылға ұласу қаупі бар.

Қостанай облысында кей жерлерде найзағай ойнап, күн бұзылады. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Жел екпіні секундына 15-20 метрді құрайды. Күн 35 градусқа дейін ысиды.

12-13 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, күн бұзылады. 13 маусымда түстен кейін кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз 12-13 маусымда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ойысады.

Петропавлда 12-13 маусым күндіз найзағай ойнап, күн бұзылады. 13 маусымда түстен кейін бұршақ жаууы ықтимал. Күндіз 12, 13 маусымда оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ойысуы мүмкін.

Дауылдың болу ықтималдылығы 85-100% құрайды.