Еліміздің сейсмологтары Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

0
90

Жер сілкінісінің магнитудасы 5.0 болды.


Еліміздің сейсмологтары Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді

Яндекс картасының скриншоты

ERNUR.KZ. Қазақстандық сейсмологтар Қырғызстандағы жер сілкінісін тіркеді, жазады tengrinews.kz.

Бұл туралы Қазақстанның ұлттық деректер орталығы сайтында хабарлады.

Жедел ақпаратқа сәйкес, жерасты дүмпулері 29 мамырда Астана уақытымен сағат 13:15-те тіркелген. Жер сілкінісінің магнитудасы 5.0 болды.

Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институты мәліметінше, магнитудасы 5,0 болатын жер сілкінісінің ошағы Сарыбұлақ ауылынан оңтүстікке қарай 10 шақырым, Манас қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 110 шақырым және Бішкектен оңтүстік-батысқа қарай 150 шақырым жерде орналасқан.

Қырғызстанның елді мекендерінде:

  • Сарыбұлақ ауылы - 4,5 балл,
  • Ничке, Чогорчу, Бірлік, Көл, Табылғы ауылдары - 4 балл,
  • Қызыл-Оран, Кетпен-Төбе, Қызыл-Ой, Бірдік, Атай ауылдары - 3 балл.