Елімізге Ресейден жеткізілген қызанақта қауіпті вирус бар

0
391

Дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды.


Елімізге Ресейден жеткізілген қызанақта қауіпті вирус бар

ERNUR.KZ. Қазақстанға Ресейден әкелінген қызанақтан вирус табылды. 500 келі болатын бүкіл партия жойылуы керек, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті тексеріс жүргізу барысында Ресей Федерациясынан келген 0,5 тонна қызанақ өнімінен карантиндік нысан – қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы (ToBRFV) анықталған.

«Дерек бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 400-бабы 2-бөлігінің 1) тармағына сәйкес, айыппұл салынды. Сақтауда тұрған карантиндік қызанақ өнімі сот қаулысына сәйкес жойылады», - делінген хабарламада.