Елімізге заңсыз әкелінген 100-ден аса көлік әшкереленді

0
754

Көлеңкелі кәсіпкерлер кедендік баж салығын айналып өтудің жолын тапқан.


Елімізге заңсыз әкелінген 100-ден аса көлік әшкереленді

ERNUR.KZ. Елімізге Грузия мен Әзербайжаннан заңсыз кіргізілген 100-ден аса көлік ұсталды, деп жазады "Хабар 24".

Бұл туралы Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасаған Курсив,кз ақпарат агеттігі мәлімдеп отыр. Көлеңкелі кәсіпкерлер кедендік баж салығын айналып өтудің жолын тапқан. Мәселен, олар алдымен құжатта "шетелдік көлікті Қазақстанға уақытша әкелемін" деп көрсетеді, әрі қарай сатушы клиентке нотариалды куәландырылған сенімхат береді.
Ал заңға сәйкес, Қазақстан азаматтары ел аумағына уақытша әкелінген көліктерді кедендік рәсімдеуден өтіп, тиісті салықтарды төлегеннен кейін ғана пайдалана алады. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, отандастарымыз шетелден көбінесе екі мыңыншы жылға дейінгі көліктерді тіркейді екен.