Елорда прокуратурасы 10 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алуын тоқтатты

0
577

Заңбұзушылықтарға жол берген 11 лауазымды адам тәртіптік жазаға тартылды.


Елорда прокуратурасы 10 млрд теңгенің мемлекеттік сатып алуын тоқтатты

ERNUR.KZ. Елорда прокуратурасы 10 миллиард теңгеге мемлекеттік сатып алу ісін тоқтатты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері мен түрлі айла-амалдарды өз мойнына алу деректері әлі де кездесіп жатыр. Мемлекеттік органдар заңнаманы айналып өтіп, мемлекеттік сатып алуды бәсекеге қабілетсіз тәсілмен жүргізіп, жұмыс түрлерін лоттарға бөлмей, қызмет көрсету түріндегі жұмыстарды сатып алады.
Тек биылдың өзінде қала прокуратурасы 20 заңсыз конкурсты анықтады, олардың жалпы сомасы 10 млрд теңгеден жоғары», - деп атап өтті ведомство өкілдері.

Қадағалау актілері бойынша сатып алу қорытындылары жойылды.

Конкурстық құжаттама заңнамаға сәйкес келтіріліп, заңбұзушылықтарға жол берген 11 лауазымды адам тәртіптік жазаға тартылды.