Бұл туралы елордалық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаменті хабарлады.
ERNUR.KZ. Елордалық балабақшада екі бала вирустық менингитпен ауырды, деп жазады Stan.kz.
Менингит аурумен тіркелген балалардың тобында 14 бала бар. Балаларды дәрігерлер бақылайды. Бұл топ басқа адамдармен әлі байланыста болған жоқ.
Оқу жылының басталуымен вирус жұқтырғандардың көбеюі күтілуде. Бұған суық ауа райының басталуы ықпал етеді.
Елорданың тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздік департаменті дүрбелеңге ешқандай себеп жоқ дейді. Вирустық менингит бактериалды немесе іріңді менингит сияқты қауіпті емес.
Егер симптомдар пайда болса, өздігінен емдеуге емес, дәрігермен кеңесу керек.
Вирус су, көкөністер, жемістер, тамақ, лас қолдар арқылы беріледі және оларды бассейндерде жұқтырып жатады.
Ведомствоның мәліметінше, соңғы 8 айда елордада менингиттен 240 адам емделген, олардың 173-і балалар.