Елордада балалар мен ересектерге арналған фестиваль өтті

0
710

Science on Stage Europe жаһандық финалында қазақстандық оқытушылар қауымдастығы атынан қатысатын жеңімпаздар анықталды.


Елордада балалар мен ересектерге арналған фестиваль өтті

Астанада PRO.NRG FEST – балалар мен ересектерге арналған ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


9 қыркүйек күні Астанада PRO.NRG FEST – балаларға және ересектерге арналған ғылым, өнер және технологиялар фестивалі өтті. PRO.NRG FEST –танымдық-отбасылық уикенд форматында өткізілетін ауқымды ғылыми-көпшілік іс-шара. Бұл фестиваль екінші жыл қатарынан Қазақстандағы ең ірі ғылыми-көпшілік фестивалдерінің бірі ретінде өткізіліп отыр. Тиісінше, оқушылар сарайында күні бойы лекциялар, интерактивті шоулар мен қойылымдар өткізіліп, бұл отбасыларды ғылым мен технологиялар, қызықты ашылымдар мен жаңа білім әлеміне жетеледі.


Атап өтсек, PRO.NRG FEST Қазақстанда STEAM-білім беруді дамытып келе жатқан «Caravan of Knowledge» білім беру қорының бастамасымен өткізілді. Фестивалді екінші жыл қатарынан «Шеврон» компаниясы серіктес ретінде қолдаған. Бұл компания ғылымға, жаңа технологиялар мен тиімді білім беру шешімдеріне деген қызығушылықты ұлғайтатын бағдарламаларға жүйелі түрде қолдау көрсетеді.


PRO.NRG FEST-ке қатысушылар ізденістегі ғалымдар мен зерттеушілерді кездестіріп, оларға сауалдар қойып, тіпті эксперименттерге де қатысу мүмкіндігіне ие болды. Фестиваль балалар мен ересектерге ғылымды жаңа әрі қызықты тұрғыдан қабылдауға көмектесетін мол тәжірибе сыйлады.


«Отбасылық фестиваль екінші жыл өткізіліп жатыр және екінші жыл барлық жас ерекшелігіндегі адамдар біздің миссиямызға қосылып жатыр. Біз білімге деген ынтаны қолдауға тырысамыз және зор кері байланыс алып отырамыз. Осы жолы біз еліміздің барлық аумақтарынан іздеген көбірек қазақстандық бірегей спикерлерді шақырдық – еліміздің әртүрлі жерлерінен келген 50-ден астам ұстаздар өздерінің инновациялық тәсілдерімен бөліседі. Сонымен қатар, біз басқа қалалардан, елдерден келген көптеген қонақтарды да көріп отырмыз, білім мен ғылымға деген ұмтылыс адамдарды соншалықты шабыттандыратыны қуантады», – дейді «Caravan of Knowledge» білім беру қорының жетекшісі Зарина Биюмбаева өз сөзінде.


Тағы бір айта кетерлігі – PRO.NRG FEST STEAM ұстаздарына арналған білім беру және нетворкингтік платформа. S – science (ғылым), T – technology (технология), E – engineering (инженерия), A – art (шығармашылық) и M – mathematics (математика) ұғымдарын білдіреді. Бүгінде STEAM-білім беру пәнаралық және қолданбалы тәсілдерді қолдануға, сонымен қатар, барлық бес пәнді біріңғай білім сұлбасына интеграциялауға негізделген.

«1993 жылы «Шеврон» Қазақстанға келген бірінші халықаралық энергетикалық компаниялардың бірі болды. 30 жылдан астам уақыт біз мемлекеттің мұнай-газ секторының дамуын қолдап келеміз. Сол уақыттан бері біз елдің басты ресурсыадамдардың, әсіресе, жастардың энергиясын дамытудамыз. Олардың тапқырлығына, шығармашылығына және шексіз мүмкіндіктеріне біз сенеміз. Біздің әлеуметтік жобаларымыз адам капиталын дамытуға, дәулеттілікке және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған. PRO.NRG FEST-ті қолдай отырып, біз STEAM білім беру аясында экожүйе қалай қалыптасатынын көрсеткіміз келеді», – деді іс-шара барысында «Шеврон» компаниясы Еуразиялық бөлімшесінің бас директорының орынбасары Дилан Морган.


Фестивальде қатысушылар өнер мен зерттеулерге арналған кеңістікті жасап отырған ұстаз-новаторлармен танысты. Олар оқу үдерісі қызықты әрі тиімді болу үшін ең алдыңғы қатарлы білім беру технологияларын қолданады.


«Біз PRO.NRG.FEST ғылыми отбасылық фестивалін біздің STEAM-бағдарламаларымызды іске асыру нәтижелерін көрсету және аудиторияны мұғалім-новаторлардың сәтті кейстерімен таныстыру үшін де өткіземіз. Фестиваль ғылым мен мектеп пәндері қызықты әрі көңілді бола алатынын көрнекі көрсетеді. Біз осындай фестивалдер өткізуді басқа қалалар мен компаниялар қостап әкететін трендке айналдырғымыз келеді», – дейді «Шеврон» компаниясындағы Еуразиялық бөлімшесінің әлеуметтік инвестициялар жөніндегі кеңесшісі Лейла Айтмуханова.


Айта кетсек, биыл PRO.NRG FEST-тің бөлігі Science on Stage Europe ұлттық кезеңінің финалы болды. Бұл нетворкингке арналған халықаралық алаң және әлемнің түкпір-түкпірінен келген мұғалімдер ғылыми пәндерін оқытудағы өздерінің озық тәжірибелерімен бөлісуге арналған сайыс. Фестивальде 2024 жылы Финляндияның Турку қаласында өтетін Science on Stage Europe жаһандық финалында қазақстандық оқытушылар қауымдастығы атынан қатысатын жеңімпаздар анықталды.