Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанда жол жөндеу жұмыстарына байланысты екі көше жартылай жабылады, деп жазады nur.kz.
Нұр-Сұлтан қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы ПД Әкімшілік полиция басқармасының келісімімен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қабанбай батыр даңғылы мен Шаймерден Қосшығұлұлы көшесіндегі жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарының басталғаны туралы мәлім етті.
"Осыған байланысты, 25 сәуір мен 5 мамыр аралығында Қабанбай батыр даңғылы мен 23 сәуір мен 25 мамыр аралығында Ш.Қосшығұлұлы көшесінің бойында Қорғалжын тасжолынан Сарайшық көшесіне дейін және Қ. Күмісбеков көшесінен Ш.Бейсекова көшесіне дейін автокөлік құралдары үшін қозғалыс ішінара жабылады", – делінген хабарламада.
Қала жолдарында кептеліс тудырмау үшін елорда тұрғындары мен қонақтары өз қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.