Енді қазақстандықтар құмар ойындардан өзін 10 жылға шектей алады

0
199

​Ол үшін, алдымен, eGov mobile-ға кіру керек.


Енді қазақстандықтар құмар ойындардан өзін 10 жылға шектей алады

Фото: istockphoto.com

ERNUR.KZ. Қазақстан азаматтары eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы өзін құмар ойындардан 10 жылға дейін шектей алады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бұл қызмет eGov mobile қосымшасында бұрыннан бар. Құмар ойынға тәуелді адамдар осы ойынның құрығына түспеу үшін өздерін 6 айдан 12 айға дейін шектей алатын. Енді осы мерзім 10 жылға ұзартылып отыр.

«Бұл кез келген азаматқа барлық лицензияланған ойын алаңы мен онлайн букмекерлік платформаларға кіруді шектеуге мүмкіндік береді. Қызмет тек 21 жастан асқан адамдар үшін қолжетімді», - деп мәлімдеді Туризм және спорт министрлігі.

Құмар ойыннан өзін шектеу үшін мына қадамдарды орындау қажет:

  • eGov mobile қосымшасына кіріп, «Қызметтер» → «Спорт» бөлімін таңдаңыз;
  • «Құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуға шектеу қою» қызметін таңдаңыз;
  • шектеудің аяқталу жылы мен айын көрсетіп, «Қызметке тапсырыс беру» батырмасын басыңыз;
  • өтінішке Face ID/Touch ID арқылы қол қойыңыз.

Осыдан кейін әлгі азамат автоматты түрде құмар ойындарға қатысуға шектеу қойылған тұлғалар тізіміне енеді және өтінішін кері қайтара алмайды. Ал осыған дейін шектеу қойғандар үшін мерзімді ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.

ТСМ ақпаратынша, қазір республика бойынша 173 868 адам өзін құмар ойындардан шектеген.