Енді қазақстандықтар жолдардағы шұңқырлар үшін ақы төлемейді

0
327

Бұл өзгеріс 2025 жылдың маусымында күшіне енеді деп күтіледі.


Енді қазақстандықтар жолдардағы шұңқырлар үшін ақы төлемейді

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Көлік министрлігі жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін ақаулар анықталған жол учаскелерінде көліктерді ақы алудан босатуды ұсынады. Жаңа ережелер 2025 жылғы маусымда күшіне енуі мүмкін, деп жазады tengrinews.kz.

Егер ақылы автожол учаскесінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер ететін және жөндеу жұмыстарын талап ететін зақымдар анықталса, онда бұл учаскеде жүру үшін ақы алынбайды.

"Бұл шешім ақау толығымен жойылғанға дейін күшінде болады. Мысалы, егер ақылы жолдың жалпы ұзындығы 100 шақырымды құраса және оның 5 шақырымы ақаулы болса, ақаулар жойылғанға дейін жүргізушілер тек 95 шақырым үшін ғана ақы төлейді", – делінген Көлік министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұл өзгеріс 2025 жылдың маусымында күшіне енеді деп күтіледі.