Енді қымбат көлігі барлар көп салық төлейді

0
409

Мүлікке салық салудың жаңа тәсілдері ұсынылып отыр.


Енді қымбат көлігі барлар көп салық төлейді

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Сенатта өткен Салық кодексіне арналған Үкімет сағатында мәлімдеді, деп жазады baq.kz.

Бұдан басқа ЕАЭО шеңберінде келісімдерді іске асыру үшін темекі өнімдеріне акциздер мөлшерлемелерін кезең-кезеңмен арттыру ұсынылады. Сондай-ақ «сән-салтанат» заттарына қосымша акциз енгізу мәселесі бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деді министр.

Сондай-ақ құнының 10% мөлшерінде қымбат тұратын алкоголь және темекі өнімдеріне акциздер енгізу ұсынылады.

Оның сөзінше, мүлікке салық салудың жаңа тәсілдері ұсынылып отыр.

Біріншіден, яхталарға, жеке ұшақтарға салық мөлшерлемелерін арттыру. Бұған ауыл шаруашылығында қолданылатын ұшақтар жатпайды. Екіншіден, барлық ЖТ объектілерінің жиынтық құны 130 мың АЕК шегінен асқан жағдайда салықтың жоғары мөлшерлемелерін белгілеу ұсынылады. Бұдан басқа, қымбат жылжымайтын мүлік объектілері үшін «сән-салтанат коэффициентін» белгілеу бойынша ЖАО құзыретін белгілеу ұсынылады, - деді Әлібек Қуантыров Сенатта.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда қосымша құн салығы 16%-ға дейін көтеріледі.

Сондай-ақ ойын бизнесі үшін салықты 25-30%-ға дейін арттыру ұсынылды.