Құқық бұзушының нақты не талап еткені туралы айтылмайды.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жарылғыш зат қойғаны туралы ескерткен ер адам өз талабын алға тартқанын жеткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ -ке сілтеме жасап.
Құқық бұзушының нақты не талап еткені туралы айтылмайды.
Ер адам Алматыдағы қалалық соттың және аудандық соттардың, сондай-ақ Алматы облыстық сотының және Талдықорғандағы Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының электрондық поштасына бомба қойылғаны туралы хабарлама жолдаған. Өз атын атап айтқан ер адам билікке ультиматум қойды, делінген хабарламада.
Тексеру жүріп жатыр.