Ерболат Досаев 3 жылдық инфляция болжамын жариялады

0
709

Ерболат Досаевтың мәліметінше, 2021 жылы мұнай бағасының біртіндеп өсуі және ішкі экономиканың қалпына келуі аясында жылдық инфляция 4-6 пайыз дәлізінің жоғарғы шекарасына жақын қалыптасатын болады және осы дәлізде 2022 жылы да қалыптасады.


Ерболат Досаев 3 жылдық инфляция болжамын жариялады

ERNUR.KZ. 2021 жылы жылдық инфляция 4-6 пайыз дәлізінің жоғарғы шекарасына жақын қалыптасады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Дезинфляциялық әсер көрсететін әлсіз ішкі сұраныс аясында 2020 жылға арналған инфляция болжамы әлеуметтік-экономикалық даму болжамының бірінші кезеңіндегі 9-11 пайыздан 8-8,5 пайызға дейін қайта қаралды. Төлем балансының күтілетін тапшылығы аясында айырбастау бағамының бағаларға тасымалдануы, сондай-ақ ұлғайған фискалдық импульс инфляцияға әсер ететін болады. Оның инфляцияға ықпалы 2021 жылы да жалғасады», - деді ол.

Ерболат Досаевтың мәліметінше, 2021 жылы мұнай бағасының біртіндеп өсуі және ішкі экономиканың қалпына келуі аясында жылдық инфляция 4-6 пайыз дәлізінің жоғарғы шекарасына жақын қалыптасатын болады және осы дәлізде 2022 жылы да қалыптасады.

«Осыған байланысты инфляция болжамы 2021-2022 жылдары 4-6, 2023-2024 жылдары 4-5 және 2025 жылы 3-4 пайыз таргеттерге сәйкес келеді»,- деді ҰБ төрағасы.