Құжат 1 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.
ERNUR.KZ. Алматы әкімі Ерболат Досаев оңтүстік астана тұрғындарына үндеу жасады. Ол жалпы талқылауға «Алматының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары мен 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалары» ұсынылғанын айтты, деп жазады zakon.kz.
"Әр сала белсенділерімен, сарапшыларымен қаланың болашақтағы дамуын талқыладық, тұрғындарымыздың мыңдаған өтінішін талдадық, қала өмірінің барлық саласының жай-күйін зерттедік. Бұл ұсыныстарды Алматыны жақсы білетін және жақсы көретін 40-тан астам тәуелсіз сарапшы, қаламыздың өзгеріп, одан әрі дамып, сапалы өсуін қалайтын тұрғындар дайындады", - дейді Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев.
Әкім басқарманың «алматылықтар үшін нақты нәтиже көрсететін Алматыны дамыту жоспарының негізгі басымдықтарын» ұсынуға ұмтылғанын атап өтті.
"Біздің басты мақсатымыз – мегаполисіміздің барлық тұрғынының өмір сүру сапасын жақсарту. Бүгін сіздерге қазіргі жағдайдың шындығы мен алда тұрған міндеттерді ескере отырып, Алматы қаласының 2030 жылға дейінгі даму жолдары мен келешегі жан-жақты таныстырылып отыр", - дейді Ерболат Досаев.
Әкімнің айтуынша, бұл ұсыныстар 1 шілдеге дейін алматылықтардан «Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарын және оның орта мерзімді перспективаларын әзірлеу кезінде қарастырылатын және ескерілетін» ескертулер мен идеяларды алу мақсатында талқылауға ұсынылып отыр.
"Сіздердің конструктивті пікіріңізді күтеміз!", - деді Ерболат Досаев.
«Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының негізгі басымдықтары және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар» құжатының жобасы «Алматы даму орталығы» АҚ сайтында жарияланған.
Құжатта қордаланған мәселелерді, халықаралық тәжірибені, социологиялық зерттеулердің нәтижесін, Алматының тарихи рөлін, оның мәртебесін, экономикалық әлеуетін және оны бағалауды ескере отырып, қаланы дамытудың қысқа мерзімді және орта мерзімді басымдықтары көрсетілген. Құжаттың мазмұны Алматы қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарының және оның 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларының негізін құрайды. Сонымен қатар Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспары, 2030 жылға дейінгі Алматы агломерациясы Алматы қаласын дамытудың кешенді жоспарын пысықтау және қабылдау кезінде пайдаланылады.Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жоба мынадай жеті бөлімнен тұрады:
«Қолайлы қалалық орта».
«Тұрақты экономикалық өсу».
«Басқарылатын урбанизация».
«Әлеуметтік тұрақтылық».
«Жасыл Алматы».
Ақылды қала.
«Қауіпсіз қала»
"Құжатта белгіленген бастамаларды іске асыру қаланың үйлесімді кешенді дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Оның басты мақсаты – жайлы, инклюзивті және қауіпсіз қалалық ортаны құру", - деп жазады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Құжат 1 шілдеге дейін қоғамдық талқылауда болады.