Қайтыс болған әйелдің кім екені анықталып жатыр.
ERNUR.KZ. Ертіс өзенінен бір әйел өлі табылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 12 мамырында полиция органдарының “Восточник-3” бау-бақша серіктестігінің маңында әйел адамның денесі табылғаны туралы хабарлама түскен.
“12 мамырда Үлбі полиция қызметі Ертіс өзенінен әйелдің денесін тапты, – делінген баспасөз хабарламасында.
Қайтыс болған әйелдің кім екені анықталып жатыр. Қозғалған қылмыстық іс бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды.