Ертіс өзенінің алқабына ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілуі мүмкін

0
904

Бүгінгі таңда Қазақстан аумағының шамамен 9% ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие.


Ертіс өзенінің алқабына ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілуі мүмкін

Тиісті жобаны қазір Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі дайындауда. Бұл туралы Павлодар қаласының жұртшылығымен кездесуде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Ертіс өзенінің алқабына мәртебе беру үшін бұрын аяқталмаған техникалық-экономмкалық негіздеме пысықталып жатыр. Бүгінгі таңда Қазақстан аумағының шамамен 9% ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесіне ие. БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың ұсынысы бойынша бұл көрсеткішті 10 жыл ішінде 12%-ке дейін арттыру керек. Ал Ертіс өзенінің алқабы осындай аумақ тізіміне енуі мүмкін", - деді министр.

Эко-белсенділермен де өңірдің экологияық өзекті мәселелері талқыланды. Министрдің айтуынша, қазірде Павлодар облысы бойынша Жол картасының жобасы жасалып жатыр. Онда өңірдегі экологиялық жағдайды жақсарту үшін шаралар белгіленеді. Бұл ретте министрлік қала жұртшылығымен бірге жұмыс істеуге ниетті.
Кездесуде сонымен қатар, кәсіпорындарда ең озық қолжетімді технологияларды (ОҚТ) енгізу, жасыл желек санын артыру, халықтың экологиялық мәдениетін жақсарту және экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін айыппұлды қатайту мәселесі қозғалды.
Мәселен, халықтың Павлодар қаласында улы өндірістерді салуға тыйым салу туралы өтінішіне жауап ретінде министр нақты елдімекендегі немесе өңірдегі ластану деңгейіне қатысты халықаралық тәжірибені Қазақстанда енгізу жоспарланып отырғанын жеткізді. Жаңа Экологиялық кодекске тиісті нормалар енгізілген.

Қалай болғанда да, кез-келген қауіпті өндірісті салу кезінде қоғамдық тыңдаулар өткізілуі мүмкін. Сондай-ақ, жаңа Экокодекс жобасында халықтың жобалардың қабылдануына әсер етуін күшейтуге арналған тармақтар бар. Жасыл желектер туралы сұрақтарыңызға келсек, ол Жол картасына енгізіледі. Қоршаған ортаны ластайтын кәсіпорындардың табиғатты қорғау іс-шаралар жоспарына ағаш егуді енгізуді жоспарлап отырмыз. Біз мұны ERG компаниясымен де талқылайтын боламыз. Сонымен қатар, үш жыл ішінде ағаш кескені үшін нормативтік-құқықтық базаны қатайту, өтемақы ретінде ағаш отырғызу мен оларға күтім жасауды талап ету жоспарлануда, - деп атап өтті министр.

Қоқыс лақтыруға, ағаштарды кесуге, белгіленбеген орынға көлік қоюға және т.б. жол беретін төмен экологиялық мәдениет мәселесін айта келіп, министр мұндай заңбұзушылықтар үшін жаза күшейтілетінін атап өтті. Келесі аптада, оның айтуынша, мектептерде экологиялық мәдениет пәнін енгізу үшін Білім министрлігімен бірлесіп онлайн дөңгелек үстел өткізу жоспарлануда.
Кездесуде ҚР Президентінің экология пәнін еліміздің орта және жоғары оқу орындарында міндетті пән ретінде енгізу туралы бастамасына қолдау білдірілді.

"Жаңа технологияларға келетін болсақ, біз жаңа Экологиялық кодекстің жобасына ең озық қолжетімді технологиялар нормасын енгіздік. Оған 1300-ге жуық бірінші санаттағы кәсіпорындар көшуі тиіс. Яғни шығарындылар көлемін едәуір төмендететін технологияларды енгізу керек. Егер қоршаған ортаны ластайтын кем дегенде 50 кәсіпорынды осыған көшірсек, мәселенің 80% шешіледі. Біз осы ретте кәсіпорындарды тексеруді бастадық. Еуропада ОҚТ енгізу үшін 15 жыл қажет болған. Қазақстанда барлық жұмыс істейтін кәсіпорындар 2035 жылға қарай ОҚТ жүйесіне көшуі тиіс. 2025 жылдан бастап салынған барлық кәсіпорында жұмыс істеп тұрған ОҚТ болуы керек. Кәсіпорындар бұл ретте үнемделген ақшаны ОҚТ енгізуге салуға ынталануы үшін мемлекет эмиссия төлетуден бас тартуға дайын.
Біз бүгінгі көтерілген барлық шараларды жаңа Экологиялық кодекс жобасында қарастырдық. Оның көпшілік арасында белсенді талқылануын тек қана қолдаймыз. Алайда онда экология мен экономиканың арасындағы баланс сақталуы қажет. Қаланың эко-белсенділеріне өңірдің экологиялық проблемаларына назар аударудағы үлкен жұмысы үшін алғыс айтқым келеді", - деді Мағзұм Мырзағалиев.