Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды

0
90

Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.


Ержан Сәденов Ішкі істер министрі лауазымына қайта тағайындалды

Фото:gov.kz

ERNUR.KZ. Ержан Сәденов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі болып қайта тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Сапарбекұлы Сәденов Қазақстан Республикасының ішкі істер министрі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ержан Сәденовтің өмірбаяны

Ержан Сәденов 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін және Қарағанды жоғары милиция мектебін бітірген.

Әр жылдары Риддер және Өскемен қалалары полиция басқармаларының бастығы қызметін атқарған. ШҚО Полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасын басқарды. Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, ІІМ жедел департаментінің және Көліктегі полиция департаментінің бастығы болған.

2016-2019 жылдары Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.

2019 жылдың сәуірінен бастап Астана қаласының полициясын басқарған.

2022 жылдың қаңтарынан ішкі істер министрінің орынбасары болды.

2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстанның ішкі істер министрі болып тағайындалды.