Сапар бағдарламасында өзара мүддені көздейтін мәселелерге қатысты екіжақты келіссөз жүргізу қарастырылған.
ERNUR.KZ. Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишель 27 қазанда Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп жазады sputnik.kz.
Сапар бағдарламасында өзара мүддені көздейтін мәселелерге қатысты екіжақты келіссөз жүргізу қарастырылған.
Сондай-ақ осы күні Астанада Орталық Азия мемлекеттері басшылары мен Еуропалық кеңес президентінің кездесуі жоспарланып отыр.
Еуропалық кеңес – Еуропа одағының жоғарғы саяси органы. ЕО-ға мүше мемлекеттер басшылары мен үкімет басшыларынан құралған.
1974 жылы желтоқсанда негізі қаланған.