Эвтаназия таңдаған: Еуропалықтар асырап алған Жәнібектің анасы қайтыс болды

0
708

Анасынан айырылып қалғанын Жәнібек те жеке парақшасында жазды.


Эвтаназия таңдаған: Еуропалықтар асырап алған Жәнібектің анасы қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қазақстандағы биологиялық анасын іздеп жүрген Жәнібек, яғни, Мұрат Савельевтің асырап алған анасы қайтыс болды, деп жазады ulysmedia.kz.

“Достар, Жәнібекті асырап алған Валери анасы бұл өмірмен қош айтысты. Эвтаназия тәсілімен. 20 жылдан бері Жәнібектің анасы болған, өзі ауырса да, мейірімін Жәнібекке бере білген Валеридің мәңгілік өмірі енді басталды. 54 жас. Жәнібек, берік бол”, – деп жазды журналист Қымбат Досжан.

Анасынан айырылып қалғанын Жәнібек те жеке парақшасында жазды.

“Менің туған отанымдағы достарым. Менің асырап алған анам қайтыс болды. Менің көңіл-күйім дұрысталған уақытта соңғы бірнеше айда не болғанын баяндайтын бейнеролик түсіремін. Ал әзірге… мені асырап алған анам Валеридің көкте мәңгі жанатын жұлдыздай мәңгі өмірі басталды деп үміттенемін. Сіздердің қолдауларыңызбен жақында туған анамды табамын деп үміттенемін”, – деп жазды Жәнібек.