Қазақстан шаруалары Президентке ауыл шаруашылығына қолдау көрсетіп, көңіл бөлгені үшін алғыс айтты.
ERNUR.KZ. Қазақстан фермерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл жеткен нәтижелері жайлы айтып, хат жолдады, деп жазады baq.kz.
Қазақстан шаруалары Президентке ауыл шаруашылығына қолдау көрсетіп, көңіл бөлгені үшін алғыс айтты. Шаруалар мемлекеттік қолдаудың арқасында өнім артқанын атап өтті.
Биыл Қазақстан 26 миллион тоннадан астам астық жинады. Орташа өнімділік шамамен 16 центнерді құраса, кейбір алқаптардан гектарына 40-50 центнер жиналды. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жақсы нәтиже. Бірақ сіздің үлкен қолдауыңыз бен тұрақты назарыңыз болмаса, біз мұндай нәтижелерге қол жеткізе алмас едік, - дейді фермерлер.
Олар өнімді өңдеу мен өткізуді дамыту мәселелерінде көрсетіліп жатқан ерекше қолдауды сезініп жатқанын жеткізді.
Ауылдағы өмірді жақсартуға тұрақты үлес қосып отырғаңыз үшін жеке алғыс. Сіздің тапсырмаңыз бойынша айтарлықтай ұлғайтылған аграрлық секторды жеңілдікпен қаржыландыру біз үшін үлкен көмек болды. Лизингтің қолайлы жағдайларының арқасында техниканы жаңарту ауыл тұрғындары үшін әлдеқайда қолжетімді болды. Тек осы жылдың өзінде 20 мыңнан астам жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды. Уақытылы несие беру бізге егін және егін жинау жұмыстарына қажетті ресурстарды тез алуға мүмкіндік берді. Біз үшін жасалған барлық жағдайлар жұмысты бірнеше қадам алға жоспарлауға мүмкіндік береді. Әсіресе, ағымдағы жылдың желтоқсан айынан бастап келесі егін үшін алғашқы қаражатты ала алатынымыз қуантады. Бұл Сіздің шешіміңізді еліміздің әрбір фермері қуана қабылдады, - делінген хатта.
Шаруалардың сөзінше, қазір еліміз үшін көп жұмыс істеу және халықтың жалпы әл-ауқатын арттыру үшін барынша еңбектеніп, бірге дамитын уақыт келді.
Ауыл шаруашылығында 1,2 млн-ға жуық азамат жұмыс істейді, ал олардың отбасыларын ескере отырып, 4 млн-нан астам қазақстандық аграрлық салаға тікелей байланысты.
Біздің жұмысымыздың нәтижелері - бұл әркімнің үстелінде нан, сүт, ет, көкөністер, жемістер және басқа да тағамдардың болуы. Қазақстандық өнімдер елімізден тыс жерлерде де жоғары бағаланады. Бірақ мемлекеттің көмегінсіз біз мұндай тиімділікке қол жеткізе алмас едік. Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіздің қолдауыңызды бүкіл фермерлер қауымдастығы сезініп жатыр. Барлық қазақстандық шаруаның атынан тағы да ауыл тұрғындарға деген көмегіңіз үшін алғыс айтамыз. Біз өз тарапымыздан отандастарымыздың сапалы өнім алуға деген сенімі мен үмітін ақтауға және қойылған міндеттерді жоғары деңгейде іске асыруға бар күшімізді салуға дайынбыз, - дейді фермерлер.