Биыл көктемгі дала жұмысында дизель отынаны жеңілдік 13,9 пайызды құраған.
ERNUR.KZ. ҚР Энергетика министрлігі ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері негізінде 2023 жылғы күзгі жиын-терін жұмыстарын жүргізу үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге 426 мың тонна дизель отынын бөлді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
ҚР Энергетика министрлігі ұсынған АШТӨ бағасы 284 мың теңге/тонна, мұнай өңдеу зауытының қақпасындағы баға 1 литр үшін 239 теңге.АШТӨ-ге дизель отынын жеткізетін өңірлік операторлардың жеткізу өңіріне және шығыстарына байланысты фермер үшін орташа баға 1 литр үшін шамамен 257 теңгені құрайды.
«Қазіргі уақытта жанар-жағармай құю станцияларындағы дизель отынының шекті бөлшек бағасы 1 литр үшін 295 теңгені құрайды. АШТӨ үшін бөлшек сауда құны (295 тг./литр) мен КЖТЖ-ға арналған дизель отынының бағасы (шамамен 257 тг./ литр) арасындағы айырмашылық – 14,8 % (шамамен 38 тг. жеңілдік). Күзгі кезеңде АШТӨ үшін дизель отынының бағасында көрсетілген жеңілдік көктемгі кезеңмен салыстырғанда жоғары екенін атап өтеміз. 2023 жылғы көктемгі дала жұмыстары кезінде дизель отынына жеңілдік 13,9 % құрады», - деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Қазақстанда күзгі жиын-терін жұмыстары шілде айынан қараша айын қоса алғанда жүргізіледі. Шілде айына МӨЗ-ден АШТӨ-ге дизель отынын жеткізетін өңірлік операторлар 2023 жылғы КЖТЖ-ға бөлінген көлемнің тек 4,5 мың тоннасын немесе 1%-ын (426 мың тонна) тиеп-жөнелтті.