Аркадий Дворкович игі дәстүрді жалғастыратындығына қуанышты екенін жеткізді.
ERNUR.KZ. Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович елордадағы Шахматшылар саябағына ағаш отырғызды, деп жазады inform.kz.
«Кезінде дәл осы саябаққа Астананың бұрынғы әкімі Өмірзақ Шөкеев пен Анатолий Карпов ағаш отырғызған еді. Бұл дәстүрдің ерекше мән-мағынасы бар. Осынау кезеңде ФИДЕ-ның әлем чемпионатын өткізуге қолдауымен Астана әлемдік шахмат астанасына айналды. Бүгін міне ФИДЕ президенті Аркадий Дворкович осы саябаққа ағаш отырғызады», - деді рәсім барысында Азия шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдақасов.
«Бүгін қорытынды күн. Дин Лижень мен Ян Непомнящий арасында тай-брейк матчы өтеді. Ол әлемнің 17-чемпионын анықтайтын болады. Олардың бірі де осы жерге келіп, тамаша дәстүрді жалғастырады деп үміттенемін», - деді ол.