75 жастағы аягөздік Оразхан Манабаева жасына қарамастан, такси жүргізушісі болып жұмыс істейді.
Видеодан скрин
ERNUR.KZ. Франциялық ARTE телеарнасы Қазақстандағы 75 жастағы таксист апа туралы деректі фильм түсірді, деп жазады stan.kz.
Деректі фильм кейіпкері 75 жастағы аягөздік Оразхан Манабаева жасына қарамастан, такси жүргізушісі болып жұмыс істейді.
Қария өзі туған Аягөз қаласында таксиде жұмыс істейтін жалғыз егде әйел. Ол түсірілім тобына рөлде өзін жайлы сезінетінін айтады.
“Ақсақалмен 55 жыл жолдас болсам, бұл темір тұлпармен 40 жыл жолдаспын. Рульде отырғанда өзімді өте жақсы сезінемін. Тып-тыныш отырамын. Көлікте отырсам өзімді сергек сезінемін. Кейде ауырып қалғанда рөлге отырсам, ауырғанымды да ұмытып кетемін. Бұл – менің сүйген мамандығым", – дейді қария.
Айта кетейік, фильм 2024 жылдың соңында шыққан. Arte.tv хостингінде деректі фильмді 2025 жылдың 14 ақпанына дейін қолжетімді болмақ. Алайда, Қазақстан аумағында фильмді көру мүмкін емес.
Фильм режиссері – Galina Breitkreuz.