Күдікті Орал қаласының уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
ERNUR.KZ. Күдікті ер адам 9 тамыз күні түнде қамауға алынды, деп жазады baq.kz.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, "Гарант-24 Ломбардтың" менеджеріне Атырау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері іздеу жариялаған болатын. Күдікке ілінген 30 жастағы ер адамға ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы бойынша алаяқтық жасау туралы айып тағылуда. Күдікті Орал қаласының уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 21 ақпанында Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментіне 5 миллиард теңгеге жуық шығынға ұшыраған өңірдің 29 тұрғыны "Гарант-24 Ломбардқа" қатысты шағым түсірген болатын. Сол күннің ертеңінде Орал қаласында "Гарант-24 Ломбард" басшысы ұсталды.