Газға уланып қаза тапқан отбасы туралы тың деректер белгілі болды

0
612

Балалардың үлкені 13 жаста болса, екеуі 8 жаста.


Газға уланып қаза тапқан отбасы туралы тың деректер белгілі болды

ERNUR.KZ. Алматы облысының Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты "Жомарт" саяжайында бір отбасындағы төрт адамы табиғи газға уланып, көз жұмған еді. Марқұмдар Алматы маңына екі ай бұрын Тараздан көшіп келген екен, деп жазады Экспресс К.

Қайғылы жағдай 6 қыркүйекте болған. Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, адамдардың уланғаны туралы ақпарат кезекші бөлімнің пультіне сағат кешкі 6–лар шамасында түскен. Оқиға орнына жедел жеткен мамандар 1970 жылы туған отағасы мен оның 3 ұлының жансыз денесін тапты. Балалардың үлкені 13 жаста болса, екеуі 8 жаста.
"Отбасы бұл саяжайға екі ай бұрын Тараз қаласынан көшіп келген. Қаза тапқандардың анасы 1973 жылы туған азамат Іле ауданындағы мектептердің бірінде аспаз болып жұмыс істейді. Қайғылы жағдай болған күні марқұм күйеуі таңғы сағат 5-те жұбайын жұмысқа апарып, үйіне қайтады. Шамамен 16.00-де жұмыстан қайтқан әйел оларды өлі күйінде тапқан. Марқұмдар пропан газы баллонынан уланған", — деді баспасөз қызметіндегілер.
ТЖД газ құралдарын пайдалану кезінде жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін азаматтардан мынадай ережелер мен ұсынымдарды сақтауды сұрайды:
Жылыту жабдықтарын орнатуды білікті мамандарға жүргізу керек.
Газды қосуда өз бетінше әрекет етуге, рұқсатсыз газдандыруды жүргізуге, газ аспаптарын жөндеу және қайта орналастыру үшін кездейсоқ адамдарды тартуға тыйым салынады. Газбен байланысты барлық жұмыс түрлерін тек мамандандырылған ұйымдар орындауы керек.
Газ баллондары мен газ жабдықтарын тек осы өнімді сатуға сертификаты бар мамандандырылған ұйымдардан сатып алу керек. Өйткені жұмыс істеп тұрған Газ аспаптарын қауіпсіз пайдалану және оларды тиісті жағдайда ұстау үшін олардың иелері жауапты болады. Ешқашан газ құрылғыларын, соның ішінде газ баллондарын бөгде адамдардан сатып алмаңыз!