Географияны білмейтін колледж кімдерге білім беріп жүр? (видео)

0
3 652

Алматы қаласындағы полиграфия колледжі Қазақстандағы тарихи орындарға арналған стендте Аппақ Ишан мешіт-медресесін Созақ ауданында орналасқанын жазыпты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Географияны білмейтін колледж кімдерге білім беріп жүр? (видео)

Алматы қаласындағы полиграфия колледжі Қазақстандағы тарихи орындарға арналған стендте Аппақ Ишан мешіт-медресесін Созақ ауданында орналасқанын жазыпты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Мына суреттер мен бейнетүсірілімде Аппақ Ишан мешіт-медресесі Созақ ауданында орналасқан деп жазылғанын көруге болады. Бұлай үлкен қателікке бой алдырған Алматы қаласындағы полиграфия колледжі. Қазақстандағы тарихи орындарға арналған стендтер арасындағы осы суретке қарап елдегі ең көне тарихи орын саналатын Аппақ Ишан музейінің қайда орналасқанын аталмыш білім ордасының білмейтін болжауға болады. Есесіне, бұл қателікті студенттер байқап қалған.

Анықтама үшін:

Аппақ Ишан мешіт-медресесі Бәйдібек ауданы, Шаян ауылында орналасқан.

Аңыз бойынша, қазіргі Аппақ ишан мешіт-медресе құрылысын XIX ғасырдың ортасында Қасым ишан бастап, ол дүниеден өткен соң баласы Сабыр жалғастырып, немересі Аппақ ишан аяқтаған. Мешіт-медресесінің құрылысы күйдірілген қыштан салынған. Аппақ ишан медресесі ,1927 жылға дейін, Қазақстанда ірі байларды конфискациялауға дейін діни оқу орны болып келді.

1926 жылы мешітте діни мектеппен қатар тұңғыш рет қазақ бастауыш мектебі ашылған.

1937 жылдан орта мектепке айналып, кейін жаңа жайға көшіріледі.

Ал, мешіт-медресе Шаян ауылындағы тарихи жәдігер ретінде бүгінгі күнге жетті. Аппақ ишан мешіт-мұражайы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» деп жарияланған 2000 жылы толық күрделі жөндеуден өткізіліп, халық игілігіне пайдалануға берілген.

Видео әлеуметтік желіден алынды