Германия арқылы Нидерландыдан елімізге есірткі жеткізуге қатысы бар 2 адам ұсталды

0
789

Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізу интернет-дүкен арқылы жүзеге асырылған.


Германия арқылы Нидерландыдан елімізге есірткі жеткізуге қатысы бар 2 адам ұсталды

ERNUR.KZ. ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қаласының аумағында өткізу мақсатында Қазақстан Республикасына Еуроодақ елдерінен пошталық жөнелтілімдер арқылы синтетикалық есірткі жеткізудің контрабандалық арнасын ұйымдастырған есірткі тобы әрекетінің жолын кесті, деп жазады inbusiness.kz.

«2019 жылғы 6 қарашада пошта бөлімшесінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде 968 психотроптық таблетка алумен Қазақстан Республикасына Германия арқылы Нидерландыдан контрабандалық есірткі жеткізуді ұйымдастыруға қатысы бар Алматы қаласының екі тұрғыны ұсталды» - делінген хабарламада.

Ұсталғандардың бірі тұрғылықты жері бойынша шамамен 1,5 келі «гашиш» есірткі құралы мен 30 г мефедрон алынды. Алынған заттар сот-химиялық сараптамаға жолданды.

Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізу интернет-дүкен арқылы жүзеге асырылған.

Осы факт бойынша ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті ҚК 297-бабы 3-б. бойынша қылмыстық іс қозғады. Ұсталған адамдар Алматы қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына орналастырылды, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.