Грузияда өлтірілген қазақстандық журналистің ісі бойынша жаңа деректер шықты

0
570

Ол күдіктімен қарым-қатынаста болған.


Грузияда өлтірілген қазақстандық журналистің ісі бойынша жаңа деректер шықты

ERNUR.KZ. #НеМолчиKZ қорының жетекшісі Дина Таңсәрі қазақстандық журналист Жанбота Төлегеннің өлімі туралы жаңа деректерді жариялады, деп жазады stan.kz.

Оның айтуынша, 3 шілдеде Кахетияда Жанботаның әпкесі Ботакөз Төлеген тергеу іс-шараларына қатысып, Қазақстаннан әкелген кейбір дәлелдерін қоса берген. Ол осы іс бойынша жәбірленуші деп танылған.

"Қазір күдікті Жанботаның мүлкін иемдену мақсатында өлтірілгенін дәлелдеу үшін Қазақстанның көмегі қажет. Күдікті Габриэль Хохобашвили 2015 жылдан бері онымен қарым-қатынаста болған, бірақ олар бірге тұрмаған. Ол бірнеше рет келіп, Жанботадан ақша алып отырған. Жанбота оған сенген, күдікті оны қолданған", – делінген Таңсәрінің хабарламасында.

Қоғам қайраткерінің сөзінше, кісі өлтіруші "Жанботаны алаяқтық жолмен жылжымайтын мүлкін сатуға және барлық ақшаны айырбастау пунктінде айырбастауға көндірген".

"Жанботаның әпкесі сатып алу-сатуды растайтын қажетті құжаттарды жинап, сол айырбастау пунктін тапты. Грузия прокуратурасы Қазақстан банктеріне Жанботада есепшоттың болуы және оның үйді сатудан түскен ақшаны шотқа салу мүмкіндігі туралы сұрау салды… 18 мамырда олар үйді сатқан. 20-сы күні Тбилисиде болған. 21-і күні Жанботаны өлтіріп, денесін Кахетиядағы өзенге лақтырған. 22 мамырда ол көлік сатып алып, ешқашан көмектеспеген балаларына үш рет барған", — деді Дина Таңсәрі.

Габриэль Хохобашвили журналисті өлтіргенін мойындады, ол 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Осыған дейін қазақстандық журналистің Грузияда кісі қолынан қайтыс болғанын хабарлаған едік.