ІІМ басшысы полицейлердің формасы жайлы: Бір қолымен бас киімді, екіншісімен тапанша ұстайды

0
4 929

Қазақстандық полицейлердің жаңа формасының жобасы көрсетілді.


ІІМ басшысы полицейлердің формасы жайлы: Бір қолымен бас киімді, екіншісімен тапанша ұстайды

ERNUR.KZ. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің қазіргі формасының ыңғайсыз екенін айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Киім үлгісін өзгертеміз, бұл жол картасында бар. Расында да қазіргі полиция қызметкерлерінің киімі ыңғайсыз. Кеңсе қызметкерлеріне ол киім ыңғайлы, бірақ далада жүретін инспектор және патрульдік полиция қызметкерлеріне китель мен бас киім ыңғайсыз. Ол қылмыскердің артынан жүгіретін болса, бір қолымен бас киімді, екіншісімен тапанша ұстайды", - дейді министр.

Сондай-ақ, Ерлан Тұрғымбаев қазіргі уақытта ІІМ өкілдерінің полицейлердің жалақысын өсіру мәселесін қарастырып жатқанын айтты. 2018 жылдың желтоқсан айында ІІМ өкілдері полицейлердің жаңа формасының үлгісін таныстырған болатын. Бірақ кейін ішкі істер министрі оны енгізу жұмысы кейінге қалдырылғанын айтқан еді. Қазақстандық полицейлердің жаңа формасының жобасы көрсетілді Экс-министр Қалмұханбет Қасымов та қазіргі полиция қызметкерлерінің формалары ыңғайсыз екенін айтқан болатын.

"Біздің қазіргі формамыз кеңсе қызметкерлеріне арналған, бізге функционал форма керек. Жұмысқа сол ыңғайлы болады. Форма біркелкі болуы тиіс. (...), - деген еді Қасымов.