Себебі, қос жұлдыздың ұлдары "Қайрат" пен "Реал" ойынына билеттерді қымбатқа сатпақ болған.
фото: championat.com
ERNUR.KZ. Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов әншілердің ұлы бірнеше билетті қымбатқа сатпақ болғанын енді естігенін айтты, деп жазады sputnik.kz.
"Біз тексеру жүргізуге дайынбыз, ол үшін бізге арыз түсуі керек. Соған қарай міндетті түрде тексеріс жүргізіп, процесуалдық шешім қабылдаймыз", – деді Әділов.
Бұған дейін ұйымдастырушылар әр адамға екі билеттен артық сатылмайтынын, алыпсатарлыққа жол берілмейтінін айтқан болатын.
Алайда Нұрлан Еспанов пен Сәкен Майғазиевтің ұлдары желіде матчқа билеттерді бірнеше есе қымбат бағаға ұсынған. Бірақ артынша Олжас Еспанов билеттерді өзі сатпағанын, тек парақшасында жарнамалап бергенін айтып ақталды.