Илья Ильин тағы бір қызметке тағайындалды

0
899

Биыл мамыр айында Ильин Қызылорда қаласындағы "Мұз айдыны" спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалған еді.


Илья Ильин тағы бір қызметке тағайындалды

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тағы бір лауазымға ие болды. Ол енді Қызылорда облысының қазақстандық спортшылар одағының филиалын басқарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.


"Бүгін сіздермен жақсы жаңалықпен бөліскім келіп тұр. Мен Қазақстандық спортшылар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалын басқара бастадым. Филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелген", - деп жазды Ильин өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.




Биыл коронавирус пандемиясына байланысты Токио Олимпидасын кейінге қалдырғаннан кейін Ильин спорттағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Мамыр айында ол Қызылорда қаласындағы "Мұз айдыны" спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалған болатын.

Сондай-ақ, Ильин болашақта бапкерлік қызметке де кірісетінін айтты.

Айта кетейік, 2016 жылы Илья Ильин қанынан тыйым салынған заттар табылуына байланысты 2008 және 2012 жылы Олимпиада ойындарында алған екі алтын медалінен айырылған еді. Ильин 2018 жылы үлкен спортқа қайта оралды, бірақ денсаулығына байланысты спорттағы бұрынғы деңгейіне көтеріле алмады.