Инновация деңгейі бойынша рейтингте Қазақстан 77-орынға ие болды

0
2 716

Рейтингтің басында Швейцария, Швеция және АҚШ тұр.


Инновация деңгейі бойынша рейтингте Қазақстан 77-орынға ие болды

ERNUR.KZ. 2020 жылғы инновация деңгейі бойынша рейтингте Қазақстан 131 мемлекеттің арасында 77-орынға ие болды, деп жазады 24.kz.

Қазақстанның индексі 28,6 құрады, ол Қырғызстанның индексіне қарағанда көп, бірақ Ресей, Армения және Беларусь сияқты ЕАЭО елдерімен салыстырғанда аз.

Рейтингтің басында Швейцария, Швеция және АҚШ тұр. Инновация деңгейі бойынша рейтинг әлем елдерінің инновациялық даму көрсеткіштерінің ең толық жиынтығы болып табылады.

Сондай-ақ екі көрсеткіш ескерілген: инновация үшін қолжетімді ресурстар мен жағдайлар (Innovation Input); инновацияны жүзеге асырудағы практикалық нәтижелер (Innovation Output). Аталған көрсеткіштердің біріншісі бойынша Қазақстан рейтингте 60-орынға, ал екіншісі бойынша 94-орынға ие болды.