Иран әйелдердің жарнамаға түсуіне тыйым салды

0
713

Үкіметтік агенттік жарнаманы қылмыс деп бағалап, осы арқылы қоғамда арсыздық насихатталады деген мәлімдеме жасады.


Иран әйелдердің жарнамаға түсуіне тыйым салды

ERNUR.KZ. Иран Ислам республикасының Мәдениет және ислам бағыты министрлігі әйелдерге жарнамаға түсуге тыйым салды, деп жазады Ulysmedia.kz.

"Иранның ислам бағыты министрлігі жарнамалық агенттіктерге үкіметтің хиджаб және пәктік туралы заң ережелерін қатаңдатуына байланысты бұдан была әйелдерге жарнамаға түсуге тыйым салынатынын хабарлады”, – делінген хабарламада.

Аталған хат Domino балмұздақ өндіруші компанияның жарнамасынан кейін таратылды. Жарнамада көлік тізгіндеген әйел басына беті ашық күйде балмұздақ жеп бара жатқан кейіпте бейнероликке түскен. Үкіметтік агенттік бұл жарнаманы қылмыс деп бағалап, осы арқылы қоғамда арсыздық насихатталады деген мәлімдеме жасады.