Ірі қарадан құтырма анықталған Қарағанды облысындағы қожалық карантинге жабылды

0
386

Аталған шешім кеше, яғни 12 сәуірде күшіне енді.


Ірі қарадан құтырма анықталған Қарағанды облысындағы қожалық карантинге жабылды

ERNUR.KZ. Қарағанды облысына қарасты Қарқаралы ауданы аумағында орналасқан шаруа қожалығында ірі қарадан құтырма ауруы анықталды, деп жазады ҚазАқпарат.

«Қарқаралы ауданы Шарықты ауылдық округінің Теректі ауылында орналасқан жеке қосалқы шаруашылық аумағында ірі қараның арасынан құтыру ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын», - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған Шарықты ауылдық округінің әкімі А. Нөгербековтің шешімінде.

Аталған шешім кеше, яғни 12 сәуірде күшіне енді.

Қоса кетсек, былтыр ит қауып алған Түркістан облысының тұрғыны құтырма ауруынан қайтыс болған еді.

Сонымен қатар, өткен жылы Батыс Қазақстанда құтырма ауруына шалдыққан қасқыр төрт адамды жарақаттаған болатын.