Қай өңірдің тұрғындары карантин талабын жиі бұзады

0
434


Қай өңірдің тұрғындары карантин талабын жиі бұзады

ERNUR.KZ. Қазақстанда азаматтар мен кәсіпкерлік субъектілерінің карантин шараларын сақтауына жүргізілетін мониторинг жалғасып жатыр, деп жазады ҚазАқпарат.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметіне сенсек, 1 қаңтар мен 10 мамыр аралығында жұмысшы топ 80 352 рейд жүргізген.

Ел аумағында 500 646 нысан тексерумен қамтылды.

Нәтижесінде 14 475 (2,8%) заңбұзушылық анықталды.

Карантин талабын бұзу фактілерінің басым көпшілігі мына өңірлерде тіркелді: ШҚО (3 646), Түркістан (2 230), Алматы (2 036), Шымкент (1 609) және Алматы облысы (962).

Мониторинг барысында анықталатын негізгі бұзушылықтар: карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс жасауы, шектеу режимін сақтамау, шамадан тыс адам жинай отырып, бұқаралық іс-шаралар өткізу.

Аталған мерзімде 268 материал сотқа жолданды. Сот шешімімен 70 нысанның жұмысы тоқтатылды.

8 271 кәсіпкерлік нысан мен 6 425 жеке тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылып, 1,155 млрд теңгеден астам айыппұл салынды.