Жасөспірім жағадан 500 метр жерде суға батқан.
фото: Sputnik/Ертай Сарбасов Sputnik /Камшат Абдирайым
ERNUR.KZ. Алакөлде 17 жастағы жасөспірім суға батып кетті, деп жазады sputnik.kz.
Жасөспірім жағадан 500 метр жерде суға батқан.
"Жүзуге арналмаған аймақта 17 жасар бала құтқару кеудешесінсіз қайықтан суға секіріп, батып кетті", - дейді ведомстводағылар.
Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар жасалып жатыр. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қайықтың иесіне қатысты іс қозғалды.
"32 жастағы қайық иесіне қатысты "қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін, абайсызда адамның өліміне әкеп соққан жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды", - дейді полиция.