Қамшымен ұрып, мылтық кезеген”: Алматы тауларында байкерлерді сабаған шопандарға сот үкімі шықты

0
415

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.


Қамшымен ұрып, мылтық кезеген”: Алматы тауларында байкерлерді сабаған шопандарға сот үкімі шықты

ERNUR.KZ. Алматы облысында мотоцикл жүргізушілерін қамшымен сабап, мылтық кезеген бір топ азаматқа қатысты сот үкімі шықты, деп жазады stan.kz.

Алматы облысы Қарасай аудандық сотында топтық бұзақылық жасады деген күдікпен айыптаушылар Н, О, А-ға қатысты Қарасай ауданы полиция басқармасының "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхаты қаралды.

Іс бойынша жәбірленуші сот отырысында қазіргі уақытта күдіктілермен татуласқанын көрсетіп, оларды қоғамнан оқшауламайтын бұлтартпау шарасын қолдануды сұраған.

"Сот ҚПК-нің нормаларын ескере отырып, "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау үшін негіздердің болмауына байланысты аталған бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты қанағаттандырудан бас тартты және "ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлқы туралы қолхат" түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады", – делінген сот хабарламасында.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, осыған дейін Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Қаскелең тауында малшылар мотоциклшілерге шабуыл жасағанын жазғанбыз.