Өтініштер 2023-2024 оқу жылынан бастап қабылданады.
ERNUR.KZ. "Қазақстан халқына" қоры ата-анасы Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмған балалар мен жарақат алған балаларға білім грантын ұсынады, деп жазады stan.kz.
"Қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан ҚР азаматтары мен жараланған балалардың отбасыларына одан әрі қайырымдылық көмек көрсету және қолдау мақсатында білім беру гранттары бойынша қолданыстағы "Қазақстан халқына" ҚҚ білім беру гранттары" бағдарламасына 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде зардап шеккен ҚР қаза тапқан азаматтарының балаларына және жараланған балаларға гранттар мен стипендиялар беру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілді", – делінген хабарламада.
Өтініштер 2023-2024 оқу жылынан бастап қабылданады. Грант ұсыну мерзімі мен шарттары жайлы ақпарат қор сайтында 1 маусымға дейін жарияланады.
Бағдарламаға Қазақстан Республикасының 18-29 жас аралығындағы азаматтары қатыса алады.
Қаңтар оқиғасы кезінде көз жұмғандардың балалары мен жарақат алған балаларға білім гранттары тек бакалавриатқа ғана емес, колледжде де оқу үшін беріледі.