Қаңтар оқиғасын тергеу аяқталуға жақын - Бас прокуратура

0
676

Бүгінгі таңда 1 249 тұлға сотталды.


Қаңтар оқиғасын тергеу аяқталуға жақын - Бас прокуратура

ERNUR.KZ. Бас прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәжімбаев Қаңтар оқиғасын тергеу жұмыстары аяқталып қалғанын айтты, деп жазады baq.kz.

"Қаңтар оқиғасын тергеу аяқталып келеді. Бүгінгі таңда 1 249 тұлға сотталды. Оның көбі ұрлық жасап, қару тонаған, тәртіпсіздіктерге қатысқан. Нақты мерзімге 160 тұлға сотталды. Қалғандары біршама жеңіл жазаға тартылды. Мәсімовке және ҰҚК-нің өзге де басшыларына қатысты іс сотқа жіберілді. Оларға билікті басып алуға тырысу, мемлекетке опасыздық жасау және билікті асыра пайдалану айыбы тағылған. Сонымен қатар биілікті асыра пайдаланды деп айыпталған бұрынғы Қорғаныс министрі Бектенов ісі де сотта жатыр", - деді Тәжімбаев Бас прокуратураның биылғы жұмысын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында.