Қаңтар оқиғасына 12 қылмыстық топ қатысты – Бас прокуратура

0
715

Олардың арасында қылмыс әлеменің 4 серкесі бар. Қаңтар оқиғасына 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқаны анықталды.


Қаңтар оқиғасына 12 қылмыстық топ қатысты – Бас прокуратура

ERNUR.KZ. Бұл туралы Бас прокуратура бірінші қызмет басшысының орынбасары Елдос Қилымжанов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Қаңтар оқиғасына 12 ұйымдасқан қылмыстық топ қатысты. Олардың ішінде ең белсендісі "Дикий Арман" немесе Арман Жұмагелдиев, "Айшуақ-Жантүгел", "Қазақстандықтар" қылмыстық топтары бар. Ұйымдасқан қылмыстық топтың 23 мүшесі қамауға алынды. Оның ішінде қылмыстың топтың 4 авторитеті бар", - деді ОҚК-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, бұл қылмыстарды ұйымдастырғандар мен қатысушыларды анықтау және жауапқа тарту үшін барлық қажет шара қабылданған.

"Бүгінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу бойынша 547 адам күдікті ретінде танылды. Олардың 269-ы қамауда отыр", - деді Бас прокуратура бірінші қызмет басшысының орынбасары.