Қаңтар оқиғасында ұсталған шетелдіктердің басым бөлігі - Өзбекстан азаматтары

0
998

Мәжілісте қаңтар оқиғаларын талқылау барысында депутаттар қанша шетелдік ұсталғанын сұрады.


Қаңтар оқиғасында ұсталған шетелдіктердің басым бөлігі - Өзбекстан азаматтары

ERNUR.KZ. Осы ретте Бас прокуратураның өкілі Серік Шалабаев 19 шетелдік қамауға алынғанын айтты, деп жазады Экспресс К.

"Бізде қылмыстық өндіріс бойынша 19 шетелдік азаматы бар. Оның ішінде 11-і Өзбекстан азаматы. Ал қалған 8 азаматьың төртеуі рескйліктер болса, екеуі Қырғызстаннан. Бір-бір адамнан Қытайдан және Тәжікстаннан. Бұл азаматтардың іс-әрекеттері жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны және ұрлық, басқа да қылмыстармен дәлелденген. Әрине, бұл түпкілікті дерек емес" — деді Серік Шалабаев.

Айта кетейік, бұған дейін Бас прокурор Берік Асылов қаңтар оқиғасы кезінде еліміз бойынша 230 адам қаза тапқанын айтқан болатын.