​Қаңтарда ауа райы қандай болады?

0
1 368

Синоптиктер қаңтар айында ауа райы қандай болатынын айтты.


​Қаңтарда ауа райы қандай болады?

ERNUR.KZ. Синоптиктер қаңтар айында ауа райы қандай болатынын айтты, деп жазады Tengrinews.kz "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, қаңтарда орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында нормадан 1 градустан жоғары, ал қалған аймақта климаттық нормаға жақын болады.

"Бірінші декаданың басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында болады. Термометрдің сынап бағанасы түнде 25...30, кей жерлерде 35 градусқа дейін аяз, күндіз 15...20, кей жерлерде 25 аязға дейін төмендейді", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігіне жылы ауа массалары келіп, жауын-шашын түседі. Ауа температурасы: түнде 2...7, кей жерлерде 12 градус аяз, күндіз 0...5 жылы, кей жерлерде 5 градусқа дейін аяз болады.