Қар, тұман, көктайғақ: 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

0
105

​Дүйсенбі күні Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болмайды.


Қар, тұман, көктайғақ: 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Фото: © istockphoto.com

ERNUR.KZ. «Қазгидромет» 17 қарашаға арналған республика аумағындағы ауа райы болжамын жариялады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көп өңірі антициклон ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Батыс пен солтүстікте қар, жаңбыр және көктайғақ болады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты батыс, солтүстік-батыс және солтүстік өңірлерде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.

Кей аймақтарда көктайғақ, ал солтүстік-батыста боран болжанады.

Еліміздің бірнеше облысында тұман мен қатты жел тұрады. Синоптиктердің ақпараты бойынша, Қазақстан бойынша тұман күтіледі. Сонымен бірге солтүстік, солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде желдің күшеюі мүмкін.