Қарағанды қаласында 4 жасар қызды ұрлап кеткен ресейлік астанада ұсталды

0
387

Ұрланған қыз анасына берілді.


Қарағанды қаласында 4 жасар қызды ұрлап кеткен ресейлік астанада ұсталды

ERNUR.KZ. Қарағанды қаласында 4 жасар қызды ұрлап кеткен ресейлік астанада ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ-ге 25 жастағы қала тұрғыны арызданған. Бұрын бірге тұрған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматы оның 4 жасар қызын ұрлап кеткен.

Аталған факт Орталық ПБ-де ҚР ҚК 125-бабының 2-тармағы, яғни «Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау» бойынша тіркелді.

13 маусымда кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Орталық ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері Астана қаласында күдіктіні ұстады.

Ұрланған қыз анасына берілді. Қазір тергеу әрекеттері жүріп жатыр.