Бұл туралы ресми ақпаратты Төтенше жағдайлар министрлігі мен Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек хабарлады.
ERNUR.KZ. «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына қарасты Ленин атындағы шахтада қаза тапқандардың саны бес адамға жетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қазір газдан уланған тағы төрт адам ауруханада жатыр.
«Ленин атындағы шахтада газдренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен газ таралған. Салдарынан шахтаның 5 қызметкері қаза тауып, 4 адам Шахтинск және Х.Мақажанов атындағы ауруханаға жатты», - дейді Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада, таңғы сағат 3.00 шамасында Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада («Арселор Миттал Теміртау» АҚ) жарылыс болып, төрт адам тіл тартпай қаза тапқан болатын.