Қарағанды облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

0
73

Қызылорда – Павлодар (788-906 км, Ұлытау облысының шекарасы – Топар кенті).


Қарағанды облысында республикалық маңызы бар жолдар жабылды

Фото: Zakon.kz

ERNUR.KZ. 2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 07:30-да ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды облысындағы республикалық маңыздағы төрт автожол көлік қозғалысы үшін жабылды, деп жазады zakon.kz.

Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратына сүйенсек, келесі бағыттағы жолдар жабылды:

  • Қызылорда – Павлодар (788-906 км, Ұлытау облысының шекарасы – Топар кенті);
  • Астана – Қарағанды – Алматы (Теміртау – Ақмола облысының шекарасы, 92-164 км);
  • Астана – Қарағанды – Алматы (164-184 км, Теміртау – Теміртау қаласы);
  • Астана – Қабанбай батыр – Нұра – Теміртау (51-101 км, Ақмола облысының шекарасы – Нұра кенті).

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңір тұрғындары мен қонақтарын мыналарды ұсынды:

  • сақтық шараларын сақтау;
  • мамандардың ұсыныстарына құлақ асу;
  • ауа-райының өзгеруіне байланысты енгізілген шектеулер туралы ресми ақпаратты қадағалау.

Аймақ полицейлері де осыған ұқсас үндеу жасады.