Жылқылар арасында эпизоотикалық лимфангоит ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленген.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына қарасты Үміткер ауылында жылқы малы арасында тарған эпизоотикалық лимфангит инфекциясына байланысты карантин енгізілді, деп жазады baq.kz.
"Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Үміткер ауылдық округі Үміткер ауылы аумағында жылқылар арасында эпизоотикалық лимфангоит ауруының пайда болуына байланысты карантин белгіленсін. Аудандық ветеринария бөлімі жануарлардың жұқпалы ауруының таралуына жол бермеу мақсатында, эпизоотия ошағында және қолайсыз пункттерде ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдай жасап, қажетті ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды өткізсін", - делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған ауылдық округ әкімінің шешімінде.